Басты бет Жаңалықтар Иранда жүрген Қазақстан азаматтары эвакуацияланды

Иранда жүрген Қазақстан азаматтары эвакуацияланды

Фото: bbc.com
Иранда жүрген 17 елдің 600-ден астам азаматы Әзербайжан арқылы сәтті эвакуацияланды. Бұл туралы Report басылымы хабарлап отыр.

Бес күн бұрын ашылған гуманитарлық коридор үздіксіз жұмыс істеп тұр. Эвакуация «Астара» кедендік өткізу пункті арқылы жүргізіледі, онда шекараны кедергісіз өту қамтамасыз етілген. Эвакуацияланғандар қатарында ТМД елдерінің азаматтары бар: Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан, сонымен қатар әзербайжандықтар.

Қажет елшіліктердің өтініші бойынша гуманитарлық коридор арқылы Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия сияқты Еуропа елдерінің азаматтары да эвакуацияланды.

Сонымен қатар эвакуация тізіміне АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және Вьетнам азаматтары кірді.

Эвакуация жалғасып жатыр.

Exit mobile version