Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қытайға 1 500 киік сыйға тартады

Қазақстан Қытайға 1 500 киік сыйға тартады

Киік. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсінетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді, — делінген хабарламада.

Бұл ақбөкендер көрші елдегі киік популяциясын жандандыру үшін Қытайдың батыс өңірін мекендейді.

Exit mobile version