Басты бет Жаңалықтар 16 млн адамның жеке дерегі тарап кетті: министрлік мәлімдеме жасады

16 млн адамның жеке дерегі тарап кетті: министрлік мәлімдеме жасады

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16,3 миллион адамның жеке дерегі таралғанына қатысты мәлімдеме жасады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірге сол мәліметтердің шынайылығы мен өзектігін тексеруге кірісті.

Алғашқы талдау бұл деректің мемлекеттік емес, жекеменшік ақпараттық жүйеден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректің таралғаны немесе хакерлік шабуыл нәтижесінде бұзылғаны тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.

Ал адамның дербес дерегі желіде тарап кеткен мәлімет арасында болса, оған электрондық үкімет порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.

Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижесінен соң жарияланады.

Exit mobile version