Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады

Қазақстанда жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады

Фото: Нұрназар Әмзе
2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.

Ведомство мәліметінше, бұл жобаларды жүзеге асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп мәселесін шешуге, үш ауысымды оқытуды және 150 мыңға жуық оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қосымша 1 000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр, — делінген хабарламада.

2029 жылға дейін 1 231 мектепті жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 248 мектеп реновациядан өтеді.

Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version