Басты бет Жаңалықтар Алматыда республикалық мектеп-интернатының құрылысы қашан аяқталады?

Алматыда республикалық мектеп-интернатының құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың құрылыс барысын тексерді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, межелі мерзімнен кешікпейді. Негізгі тірек болатын монолитті құрылым жеделдетілген қарқынмен құйылып, 10 мамырға дейін толық аяқталды.

Жоба аясында 900 орынға арналған шығармашылық мектебі мен интернат, аумақты көркейту мен көгалдандыру, амфитеатрды қайта жаңғырту, инженерлік желілерді тарту және автоматты суару жүйесін орнату көзделген.

Құрылыс жұмыстарының кейінгі кезеңінде демеушілердің қаржысы есебінен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Оған бассейн, күрес және бокс залдары, сонымен қатар дайындық сабақтарына арналған жаттығу залы кіреді. Аталған білім ордасының салынуы білім беру жүйесін дамытуға қосылған қомақты үлес болмақ, — делінген хабарламада.

Exit mobile version