Басты бет Жаңалықтар Шымкенттің су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкенттің су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Еgemen.kz
Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы жоғары аудиторлық палата хабарлап отыр.

Палата өткен жылдың желтоқсан айында жүргізген аудит барысында Шымкенттің стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары жеке меншікте екені анықталды. Бұл Су кодексі талаптарын бұзады.

Осыған байланысты үкіметке аталған объектілерді заңнама нормаларына сай мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап арызын қанағаттандырды, — деп жазылған хабарламада.

Жеке меншік ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Exit mobile version