Басты бет Push Астана құтқарушылары 5-қабаттан секірмекші болған адамды құтқарып қалды

Астана құтқарушылары 5-қабаттан секірмекші болған адамды құтқарып қалды

Фото: ТЖМ
14 маусымда бір Астана тұрғыны көп қабатты үйдің терезесінің алдына шыққан. Ол жұртты секірем деп қорқытқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Тұрғын Астананың Сарыарқа ауданындағы бес қабатты көп пәтерлі үйдің бірінде тұрғын 5-қабаттағы пәтердің терезесі алдына шыққан. Бұл хабар құтқарушыларға түскен.

құтқарушылар
Жасұлан Жәкенов пен Қадыр Өмірзақов. Фото: ТЖМ

Құтқарушылар Жасұлан Жәкенов пен Қадыр Өмірзақов жедел әрекет етіп, АКП-54 автокөтергішін қолданып, тұрғынды аман алып қалған, — делінген хабарламада.

Тұрғынға алғашқы медицина көмегін беру үшін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Exit mobile version