Басты бет Жаңалықтар FIFA Мессиге қатысты шешімін өзгертті

FIFA Мессиге қатысты шешімін өзгертті

ФИФА Мессиді төрешіге тіл тигізді деп ұлттық құраманың төрт ойынынан шеттеткен болатын.

Аргентина ұлттық құрамасы түсірген апелляцияны қарастыра келе ФИФА-ның апелляциялық комитеті Мессиді төрт ойынға шеттету үшін нақты дәлел болмағандықтан шешімін өзгертті. Ендігі жерде Месси Аргентина ұлттық құрамасына Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарына көмектесе алады.

Аргентина құрамасының әлем чемпионатына іріктеуде  Уругвай, Венесуэла, Перу және Эквадор құрамаларымен ойыны қалды. Қазіргі уақытта Мессидің командасы он төрт ойында 22 ұпай жинап бесінші орында келеді. Іріктеу қортындысында алғашқы төрт орын иеленген құрамалар Әлем чемпионатына бірден жолдама алады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version