Иран Израильдің Тель-Авив және Рамат Ган қалаларына баллистикалық ракета жіберген. Израильдің мәліметінше, ракеталардың бір бөлігін әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген. Бұл туралы Израильдің The Jerusalim Post ақпарат сайты хабарлап отыр.
13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранның ядро бағдарламасына кіретін ғимараттарына соққы жасаған еді. Сол кезде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи «Израиль бұл шабуылы үшін қатаң жазасын алады» деген еді.
Израильдің The Jerusalim Post ақпарат сайты Иранның шабуылынан кемі 70 адам жарақат алып, төрт адам қаза болғанын жазып отыр. Ақпарат сайты Иран төрт рет шабуыл жасады деп отыр.
Израильдің Өрт сөндіру және құтқару департаменті жұма күні кешке Гуш Дан аймағындағы 102 сенім телефонына Иранның зымыран шабуылынан кейін көптеген қоңырау түскенін хабарлаған.
Зымыран атқылағаннан өрт шыққаны туралы хабардан кейін өрт сөндірушілер екі негізгі аймаққа жөнелтілген: Тель-Авив пен Рамат Ган.