Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза болды

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматы облысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылында болды.

Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан көлікте отырған жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза болды, — делінген хабарламада.

Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Көлік тізгіндеген адам есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Exit mobile version