Басты бет Жаңалықтар Алматыда 650 литр прекурсор сақталған қойма анықталды

Алматыда 650 литр прекурсор сақталған қойма анықталды

Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы екі есірткі зертханасын анықтап, жойды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойма жасырын жұмыс істеп, есірткі өндірген.

Тінту кезінде 15 келіден астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сонымен қатар есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Exit mobile version