Басты бет Жаңалықтар TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Фото: Еlitar.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды. Азаматтар ойынға қатысу үшін ақшаны банк қосымшалары арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған.

Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңге болды. Сот үкімімен екі адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі екі жыл алты айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version