Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев амнистияға ілінуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, адам өліміне алып келген қылмыстар үшін сотталғандарға амнистия қолданылмайды.
Ілінбейді. Біз қазір ғана депутаттармен жол-көлік оқиғасы бойынша сотталғандардың рақымшылыққа іліну мәселесін талқыладық. Депутаттар абайсызда адам өлімімен аяқталған көлік апатына кінәлі деп танылған адамдарға рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы сұрады. Заң жобасын әзірлеушілер адам өліміне әкелген қылмыстың ешбірі рақымшылыққа ілінбеу керек деп отыр, — деді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, парламент мәжілісі «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады.