Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Нұрназар Әмзе
Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

2025 жылғы 9 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қалалсында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version