Басты бет Push Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты

Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты

Фото: Kursiv.kz
Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты. Құрама Азия аймағы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «А» тобында өнер көрсеткен.

Өзбекстан 9 матчтың қорытындысы бойынша 18 ұпай жинап, Иранға ғана жол берді. Шешуші матч Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өтті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Exit mobile version