Басты бет Push Қорғаныс министрлігі Астана аспанында байқалған белгісіз нысанға қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі Астана аспанында байқалған белгісіз нысанға қатысты түсініктеме берді

Видеодан скрин
Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда, Қазақстанның әуе кеңістігі бұзылмаған. Халыққа ешқандай қауіп төнбеген.

Бұл құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына не метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді, – делінген хабарламада.

Ведомствоның сөзіне қарағанда, құзырлы органдар құбылысты зерттеп жатыр. Министрлік азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.

Exit mobile version