Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы CTS көлік компаниясы хабарлап отыр.
Қазір рельс жолының 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды. Бұл көрсеткіш эстакадалық желінің жалпы ұзындығының 50%-і болды. Сонымен қатар шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары барлық учаскеде жүргізіліп жатыр.
Жобалық кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарының негізгі нысандары — «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, Астана халықаралық әуежайы, министрліктер үйі және Республикалық бас мешіт аумағында жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Осылайша, құрылыс және инженерлік жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Станция инфрақұрылымын жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін дайындау шаралары қолға алынған.