Басты бет Жаңалықтар Астана тұрғыны өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Астана тұрғыны өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: Kaztv.kaztrk.kz
Астанада мас күйінде рөлге қайта отырып, жол апатын жасағаны үшін қала тұрғыны төрт жылға сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды.

Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлап отыр.

Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын ойын-сауық мекемесінде алкогольдік ішімдік ішіп, қайта рөлге отырған.

Кінәлі өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғандығын біле тұра, көлікті алкогольдік масаң күйде айдап, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан, — деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі тұлға қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Exit mobile version