Жұмысшы мамандықтар – үнемі жаңа технологиялар мен өндірістік үдерістерге бейімделуді талап ететін, серпінді даму мен үздіксіз тәжірибе алмасуға мұқтаж сала. Сондықтан кәсіби шеберлік пен жаңашыл көзқарасқа ие мамандарды даярлау аса маңызды. Осы орайда Eurasian Resources Group қызметкерлер мен студенттер арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру, кәсіби өсуге ынталандыру және үздік тәжірибелерді ортаға салу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ERG Skills байқауын ұйымдастырып келеді.