Басты бет Жаңалықтар Риддерде қайтарылған активтер есебінен аурухана салынып жатыр

Риддерде қайтарылған активтер есебінен аурухана салынып жатыр

Фото: Vistanews.ru
Риддер қаласында құрылысы тоқтап қалған ауруханаға қайтарылған активтер есебінен қаржы бөлінді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлап отыр.

Аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылғы желтоқсанда басталған. Жобаның жалпы құны – 34,8 миллиард теңге, оның 11,8 миллиард теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген. Қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыс тоқтатылған.

2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен объектінің құрылысын аяқтауға 28,1 миллиард теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді, — деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда емханада қасбет, әрлеу, сантехника жұмыстары аяқталды.

Стационар бойынша Б блогында (3 қабат) 100%, А блогында (5 қабат) 60% жұмыстар орындалды. Сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адам жұмыс істейді.

Құрылыс осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Exit mobile version