Басты бет Push Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде 36 градус қатты ыстық. 04-06 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Exit mobile version