Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан. Бұл туралы Trend.az хабарлап отыр.
Түркия ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 67,91 шақырым.
Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың мәліметінше, жер сілкінгеннен кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған. Ол сонымен қатар оқиға салдарынан Мармаристегі екі ғимаратта жарық пайда болғанын атап өтті.