«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды учаскелерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыста бұрқасын, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сонымен қатар еліміздің көп бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.