Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.
ТЖД мәліметінше, 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алатау ауданы, Шапағат шағын ауданы Биянху көшесінде газ-ауа қоспасы жарылды.
Тұрғын үйдің құрылыстарын бөлшектеу кезінде 1949 жылғы туған ер адамның денесі табылды. Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.