Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кетті

Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кетті

Фото: Еlements.envato.com
Қарағанды облысында пойыз екі жасар баланы басып кетті. Оқиға 1 маусым Қарағанды-Ақадыр учаскесінде болған.

Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк пойызының машинисі баланы рельс үстінде көргеннен кейін шұғыл тежеуді басқан.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Полицейлер жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Аталған іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Exit mobile version