«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында,орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық болады (35-38 градус). Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада 16:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.