Басты бет Қоғам Мердігер жазаланады – әкімдік Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы желі құрылысын тексерді

Мердігер жазаланады – әкімдік Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы желі құрылысын тексерді

Фото: Рlumbingparamedics.ca
Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында «Сапа құрылыс 2007» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатқан су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, кейбір учаскеде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерде қабаттап тығыздау жұмыстарынсыз топырақ төселген, бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келген.

Сондай-ақ, қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұған қоса, жобадан ауытқушылықтар да тіркелді.

Қазіргі уақытта бірнеше ҚР ӘҚБтК баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылдау мақсатында жоспардан тыс тексеріс басталады.

Exit mobile version