Басты бет Жаңалықтар Шанхай мен Алматы арасында тұрақты рейстер ашылады

Шанхай мен Алматы арасында тұрақты рейстер ашылады

Фото: Kds.mid.gov.kz

Алматыға туристерді тарту үшін Шанхайда 30-дан астам келісімге қол қойылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2025 жылғы 27-29 мамыр аралығында өтіп жатқан ITB China 2025 халықаралық туристік көрмесіне Алматы қаласы қатысты.

Бұл Қытайдағы ең ірі кірмелік туризм платформаларының бірі, жыл сайын 800-ден астам қатысушы мен 10 000-нан астам сала маманының басын қосады. Алматының стендінде көрме қонақтары қазақ батырларының өнерін, халық аспаптар ансамблінің орындауындағы туындыларды тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Көрмеге Қазақстаннан жеті туроператор қатысып, 100-ден астам B2B кездесу өткізіп, 30-дан астам келісім мен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды. 2025 жылғы 4 шілдеден бастап China Eastern Airlines әуе компаниясы Шанхай мен Алматы арасында тұрақты рейстер ашады, — делінген хабарламада.

Мұндай бастамалар туристер санын арттырып, халықаралық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.

Exit mobile version