Басты бет Жаңалықтар Биыл 7 өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

Биыл 7 өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

Фото: Shutterstock
Қазақстанның жеті облысының кейбір аудандарында орташа құрғақшылық болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Вегетациялық кезең басында жауын-шашынның көп болуы елдің солтүстік облыстарында атмосфералық ылғалдық жағдайын жақсартты. Алайда Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында құрғақшылық әлі де бар. Алдағы айда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылайтындықтан, жекелеген аумақтарда құрғақшылық болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында жауын-шашын республиканың көп бөлігінде нормадан аз болады деп болжанып жатыр. Жауын-шашын мөлшері Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында нормаға жақын деңгейде болуы мүмкін.

Алдын ала есеп бойынша, маусым айында орташа құрғақшылық мына аудандарда болуы мүмкін:

  1. Қостанай облысында – Амангелді, Жангелді аудандарында;
  2. Маңғыстау облысында – Маңғыстау ауданында;
  3. Қарағанды облысында – Ақтоғай және Шет аудандарында;
  4. Алматы облысында – Балқаш ауданында;
  5. Жамбыл облысында – Мойынқұм ауданында;
  6. Түркістан облысында – Созақ, Қазығұрт, Төлеби, Шардара және Жетісай аудандарында;
  7. Қызылорда облысында – Қармақшы және Шиелі аудандарында.

Exit mobile version