Басты бет Жаңалықтар «Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды

«Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды

Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ 
Бүгін Қытайдың Сиань қаласынан «Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы халықаралық туристік пойыз жолға шықты.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Пойыз Үрімжі қаласы арқылы өтіп, халықаралық шекаралық Қорғас өткеліне тоқтайды. Бұл жерде пойыздың дөңгелек жұптары ауыстырылады. Одан кейін пойыз Алтынкөл станциясы арқылы Алматы қаласына жетеді.

Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, туризм саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. Сапар барысында қытайлық қонақтар еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, болашақта жаңа бірлескен жобалардың бастамасына негіз қаланады деп сенеміз, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Туристік пойыз тоғыз вагоннан тұрады. Жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтар қойылған. Туристік топ құрамында бизнес өкілдері, ғалымдар, актерлар мен спортшыларды қоса алғанда 246 адам бар.

Қытай туристер бес күн бойы Қазақстанның оңтүстік астанасының тарихи және мәдени мұрасымен танысып, негізгі көрнекті орындарды аралайды, қабылдаушы тарап ұйымдастырған мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысады.

Exit mobile version