Қазақстанда бірден алты кәсіби мереке пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын дайындады.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
10 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. Сонымен жаңа мерекелік даталар мыналар:
- 31 қаңтар – Кәсіпкерлер күні;
- 7 шілде – Қолөнершілер күні;
- 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
- 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
- 12 қазан – Кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
- 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Бұдан басқа, Энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.