Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысында шахтада төтенше жағдай болды: үш адам зардап шекті

Ақтөбе облысында шахтада төтенше жағдай болды: үш адам зардап шекті

Фото: Vistanews.ru
Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында төтенше жағдай болды.

Бұл туралы «Қазхром» компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш кезекші электр слесарі зардап шекті. Қызметкерлердің беті мен қолын күйіп қалды, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Үш адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр, — дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Exit mobile version