Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Алматының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Алматының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Алматының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады.

Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сонымен қатар жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Exit mobile version