Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында 117 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында 117 итбалықтың өлексесі табылды

Фото: Facebook.com/s.dildakhmet
Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан екі күнде 117 итбалық өлексесі табылды. Бұл туралы балық шаруашылығы комитеті хабарлап отыр.

Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясы 20-21 мамырда Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында рейд жүргізіп, 117 итбалық өлексесін тапты. Бұл өткен жылы қараша және желтоқсан айларында өлген итбалықтар, — дейді мамандар.

Сараптама алу мүмкін болмады, өйткені итбалықтар шіріп кеткен.

Өлекселер санитарлық нормаларға сай полигонға жиналып, жойылды. Қазіргі уақытта жағалауда инспекция мониториң жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Өткен жылдың қараша айынан бастап жиналған және жойылған итбалықтардың жалпы саны 2 194-ке жетті.

Exit mobile version