«Шымбұлақ» базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді. Бұл туралы «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Медеу–Шымбұлақ», «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары профилактикалық қызмет көрсетуге байланысты 2 маусымға дейін жабық. Бұдан бөлек, ертең базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең, 24 мамыр күні таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін курортқа баратын көлік жолы да жабылады.