Басты бет Жаңалықтар Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды

Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шешімі бойынша Жуков көшесі мен Затаевич көшесінің қиылысындағы №135/17 мекенжайында орналасқан нысан бұзылды.

Меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз шаруашылық әдіспен көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылғы 14 қарашада басқарма нысанды бұзу туралы талап арызды Алматы қаласы Медеу аудандық сотына жолдады, одан кейін сот процесі басталды. Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылып, апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Іс Әділет департаментіне жолданып, 2024 жылғы 2 шілдеде атқарушылық іс жүргізу қозғалды, — делінген хабарламада.

Бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.

Exit mobile version