Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлап отыр.
Диас Ахметшәріп Ақтауда инсульт алып, комаға түскен болатын. Оның миына қан құйылған. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр екенін айтты.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастады. Ұзақ жылдар бойы Qazaqstan телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. Ол Qazsport телеарнасының тұңғыш директоры болды.
Кейінгі жылдары әртүрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшы лауазымын атқарған.