Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында 2025 жылғы 29 сәуірде тікелей эфирде тараған күдіктілердің бейнежазбасына қатысты қызметтік тексерістің қорытындысы жарияланды.
Судьяның айтуынша, қызметтік тексеріс барысында сот процесін онлайн трансляциялау кезінде техникалық қызметкерлер тарапынан эфирді уақытылы тоқтатпау дерегі анықталған. Соның салдарынан күдіктілердің бейнесі көпшілікке жария болған.
Аталған жағдай бойынша техникалық қызметкерлер — Рүстем Муксинов, Назира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар кешегі сот отырысында аудио жазбаға байланысты судья Ержан Жанұзақов қаулы жасап, Алматы облысы прокурорының назарына ұсынды.
Еске салайық, судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасаған болатын.