Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттер, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тағы өседі.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеп отыр.
Кейінгі бес жылда гранттардың саны 1,4 есеге өсті. Осы оқу жылында 93 116 грант бөлінді.
Биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады, — деді Талғат Ешенқұлов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда вице-министр бес жыл бұрын болған стипендияның көлемін де еске салды.
Биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады, — деді вице-министр.