Басты бет Жаңалықтар Қызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды

Қызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды

Фото: Faktiler.kz
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды.

Паркке камералар жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған.

Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді, — деп жазды парк мамандары.

Exit mobile version