Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып, халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ҰҚК мәліметінше, аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.