Алматы мейрамханаларының бірінде атыс болды. Қару қолданған ер адамды тәртіп сақшылары ұстады. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, қала мейрамханаларының бірінде өзара таныс ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан.
Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттен.