Басты бет Жаңалықтар Египетте Қазақстан азаматтарына жарнама тақтасы құлап, бір адам қаза болды

Египетте Қазақстан азаматтарына жарнама тақтасы құлап, бір адам қаза болды

Фото: Reuters.com
17 мамырда Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде Қазақстан азаматтарының үстіне жарнама тақтасы құлады.

Жазатайым оқиға салдарынан бір отандасымыз қаза болып, тағы екеуі жеңіл жарақат алды.

Қазіргі кезде марқұмның туыстарымен байланыс орнатылып, консул оларға барлық мәселе бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен екі әйелге қажет медициналық көмек көрсетілді.

SCAT әуе компаниясы осы оқиғаға қатысты пікір айтты.

Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Олар қазір қонақүйде жатыр, — деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниясы зардап шеккендерге көңіл айтып, компания Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

Еске салайық, 17 мамырда Египетте Қазақстан азаматтарына жарнама тақтасы құлап, бір адам оқиға орнында қаза болды.

Exit mobile version