Басты бет Push Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөзі өтті

Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөзі өтті

Владимир Зеленский мен Владимир Путин. Фото: Cdn.tvc.ru
16 мамырда Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөзі өтті. Келіссөз 1 сағат 45 минутқа созылған.

Кездесуде делегациялар атысты тоқтату және тұтқын алмасу жайын талқылаған. Екі тарап «1000-да 1000» формуласымен тұтқын алмасуға келіскен.

Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский келіссөзден шыққан соң «Кездесу нәтижесіне көңіліміз толады және ары қарай жалғастыруға дайынбыз» деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Зеленский Түркияға барған Ресей делегациясының құрамын «жасанды құрам» деген. Ол келіссөзге қатысатын Украина делегациясы «жоғары деңгейде» екенін жеткізген.

Exit mobile version