Басты бет Жаңалықтар ҰБТ-2025: Қазақстанда тестілеудің негізгі кезеңі басталды

ҰБТ-2025: Қазақстанда тестілеудің негізгі кезеңі басталды

Фото: Shymkenttv.kz
16 мамырда негізгі ҰБТ-2025 басталды, тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.

Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін де бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі.

216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Оның ішінде:

  • қазақ тілінде — 75%-і;
  • орыс тілінде — 25%-і;
  • ағылшын тілінде — 266 адам тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

ҰБТ-ның бірінші күні бүкіл еліміз бойынша 4 589 адам, оның ішінде елордада 323 талапкер тестілеуден өтеді. Жалпы ҰБТ 46 тестілеу пунктінде ұйымдастырылған. Бірнеше жыл қатарынан ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы «Математика-Физика» болып қалып отыр – оны түлектердің 16,5%-і таңдады. Көпшілік таңдайтын келесі комбинациялар: «Биология-Химия» (15,6%) және «Математика-Информатика» (9,7%), – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша уақыт — 40 минут.

Exit mobile version