Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Аралды сақтап қалудың екінші кезеңі басталды

Солтүстік Аралды сақтап қалудың екінші кезеңі басталды

Фото: Үкімет
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті.

Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сонымен қатар Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Аманөткел ауылы маңында гидроторап салу қарастырылған.

Солтүстік Аралдың су айдынының ауданы 3913 шаршы шақырымға дейін ұлғайып, су көлемі 34 текше шақырымға жетеді. Теңіздің бұл деңгейге дейін толуы үшін төрт-бес жыл қажет. Таңдалған нұсқа мерзім мен нақты жағдайларды, соның ішінде Сырдария өзені бассейнінің жағдайын ескере отырып, ең қолайлы шешім ретінде анықталды, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Exit mobile version