Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады.

16 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады, — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

 

Exit mobile version