Басты бет Жаңалықтар Өзеннен аспалы арқан арқылы өтпек болған ер адамның денесі табылды

Өзеннен аспалы арқан арқылы өтпек болған ер адамның денесі табылды

Фото: зоология институтының архиві
Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметшінің денесі табылды.

Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД хабарлап отыр.

15 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға орнынан 15 шақырым төменде, Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан алып шықты. Тапқан кезде үстінде жартылай киімі болған. Денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылғы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезінде суға құлап, ағыс алып кеткен.

Exit mobile version