Басты бет Жаңалықтар Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

Көрнекі фото. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-ші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 мамыр сағат 14:45-те 10 қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Жалын 15 шаршы метр жерді шарпып, бесінші қабаттың балконына ауысқан.

ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Түтінге уланып қалған 1946 жылы туған зейнеткер ауруханаға жатқызылды,– делінген хабарламада.

Exit mobile version