Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында 100 келі мефедрон тәркіленді

Алматы облысында 100 келі мефедрон тәркіленді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды.

Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды.

Тінту кезінде сегіз тоннадан астам прекурсор мен 100 келі дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 миллирад теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Exit mobile version